Алматы облыстық соты карантинге жабылды
Алматы облыстық соты карантинге жабылды
5,468
оқылды

Бұл туралы соттың Facebook-тағы парақшасында ресми хабарлама жарияланды.

«Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы «Алматы облыстық соты» РММ ғимаратында және аумағында карантиндік шаралар енгізу туралы» қаулысымен облыстық сот және оның аумағында 2021 жылдың 20 қаңтарынан 2 ақпанына дейін карантин» делінген хабарламада.

Сот толықтай қашықтан жұмыс істейді. Сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаның келуіне қатаң тыйым салынады; 20 қаңтар мен 2 ақпан аралығында қаралатын істердің мерзімі кейінге шегеріледі.

Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Е.Айтжановтың айтуынша, Қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабына сәйкес, келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтан қарайды.