Таразда мемлекетке 10 миллиард теңге шығын келтіргендер ұсталды
Таразда мемлекетке 10 миллиард теңге шығын келтіргендер ұсталды
137
оқылды

Қаржы мониторингі комитеті Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру нәтижесінде, 2009-2020 жылдары Таразда жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды.

Олар қызмет көрсетпесе де, тауар жеткізілмесе де шот-фактура рәсімдеген. Тергеу барысында 10 адамның бірлесіп, қаржы жымқырғаны анықталды.

Мемлекетке 10 млрд теңге шығын келді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.