"Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды": Министрлік түсініктеме берді
"Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды": Министрлік түсініктеме берді
211
оқылды
Facebook әлеуметтік желісінде Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алғаннан кейін қайтыс болды деген ақпарат жарияланды. ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп жазады stopfake.kz.  width= Ведомствоның хабарлауынша, Маңғыстау тұрғыны коронавирустық инфекцияға қарсы егілмеген.
– 1978 жылы туған ер адам 19 қаңтарда қан қысымының көтерілуі салдарынан қайтыс болды. Ол ешқандай екпе алған жоқ. Бүгінде Маңғыстау облысына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина әкелінген жоқ. Вакцинаның бірінші партиясын өңірге 2021 жылғы 28-29 қаңтарда жеткізу жоспарланған. Айта кетейік, вакциналаумен бірінші кезекте жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел медициналық жәрдем, реанимация, БМСК, қабылдау бөлмелері, санэпидқызмет медицина қызметкерлері қамтылады. Марқұм болған азамат бұл санаттардың ешқайсысына жатпайды, – деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті.
Сондай-ақ ведомство өкілдері көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес бұл үшін 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.