Мәскеуде қазақстандық кейуананы бауыздап тастаған
Мәскеуде кейуанаға күтім жасаған 31 жастағы қыз оны өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп жазады РЕН ТВ.
Құқық қорғау органдары болған оқиғаны тексеруге кірісті. Болжам бойынша, қыз өзіне ескерту жасаған 82 жастағы кейуананы бауыздап тастаған.
Ұсталған қыз Павлодар қаласының тумасы болып шықты. Қыз психикалық ауруға шалддыққан болуы мүмкін.