Тағы бір қалада карантин күшейтілді
Тағы бір қалада карантин күшейтілді
169
оқылды
Шымкент қаласының аумағында карантин шектеуін ұзарту туралы қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты. Бұл шара COVID-19 жұқтырғандар саны және вирусты пневмония ауруының өсуіне байланысты қолға алынған. 8 ақпанға дейін ұзартылған қаулыға сәйкес, балабақшадағы кезекші топтарды қоспағанда, балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылады. Қаладағы қоғамдық көліктердің күнделікті және демалыс, мереке күндері жұмыс уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі. Түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға карантин аяқталғанға дейін қызметкерлері мен келушілердің санитарлық-карантиндік және шектеу шараларын сақтауын қадағалау күшейтілген. Жаңа қаулының талаптарын нысандардың меншік иелеріне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндеттелген.