Қызға таласқан екі жігіттің төбелесі қайғылы аяқталды
Қызға таласқан екі жігіттің төбелесі қайғылы аяқталды
250
оқылды
Қарағандыда екі ер адам қыз үшін төбелескен, - деп хабарлады Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты. Қарағандылық екі жігіттің төбелесі өткен жылы шілдеде көпқабатты үйдің ауласында болған. 38 және 19 жастағы екі жігіт қызға таласып, сөзге кеп қалған.19 жастағы жігіт қарсыласына бірінші болып қол көтерген. Қарсыласы жас жігітті аямай соққыға жыққан. Сот-медициналық сараптама қорытындысынан белгілі болғандай, қуығына тиген соққыдан жас жігіттің оң жақ аталық безі жарылып кеткен. 19 жастағы жігіт жыныс мүшесінен айырылды. Бұл денсаулыққа келтірілген ауыр зақым болып есептеледі. Басқа да дене жарақаттары бар.
38 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 106 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оның үйленгені, балалары бар екені белгілі болды.
Қылмыстық іс Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында қаралып жатыр. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Оның өкінгенін ескеріп, сот оны 3,5 жылға соттады.