Медициналық мекемелерді аралады
Медициналық мекемелерді аралады
311
оқылды

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Қызылорда облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен арнайы мониторинг тобы өңірдегі әлеуметтік нысан­дардың мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігінің қамта­масыз етілуіне қоғамдық бақылау шараларын жүргізіп келеді.

Аталмыш топ өкілдерімен бірге Қызылорда облыстық партия фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Ләйлә Төрешова қаладағы бірқатар медициналық мекемелердің ғимараттарындағы жағдайды пы­сық­тап қайтты. Атап өту керек, кейбір емханаларға өткен жылы монито­рингтік жұмыстар барысында ескер­тулер берілген болатын. Сол ескер­тулер бойынша нақты жұмыстар жүргізілгенімен, әлі де атқарылатын жұмыстар бар екені тексеріс бары­сында анықталып отыр. Мәселен, диагностикалық ор­талықтағы мүгедектігі бар азаматтар үшін жағдайдың өз дәрежесінде жа­салмағаны анық көрінді. Нақты айт­қанда, автотұрақ, пандус, ғимарат ішіндегі жедел саты (лифт) және әжетхана стандартқа сай болмай шықты. Ал №2 емханадағы жағдай мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 100 пайыз бейімделген және белгі­ленген стандарттарға сай. Барлық жағдайды көзбен көріп қайтқан зерделеуші топ кемшіліктер анықталған нысандар бойынша жауапты мамандарға қатаң ескерту жасады. Алдағы уақытта мониторинг тобы құрамымен жасалған хаттама жауапты департаментке жолданады. Мониторинг жұмыстары да облыс көлемінде жалғасын табады.

Әбілмансұр ЖАСАН