«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы Miras өңірлік кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында кеңес мүшелері, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлау нәтижелерін талқылады, кеңестің 2020 жылғы жұмысын қорытындылады, сондай-ақ осы жылға арналған жұмыс жоспарын қарастырды. Кеңес төрағасының орынбасары Қарлығаш Түсіпбекова онлайн кеңеске қатысушыларды сайлау қорытындылары туралы хабардар етті. Негізгі екпін партияішілік іріктеудің, праймериздің бірегейлігіне жасалды. Парламенттік сайлау нәтижесі бойынша «Nur Otan» партиясы 71,09 пайыз дауыс жинады. Партия барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында да сенімді түрде жеңіске жетті. Павлодар облысында барлық деңгейдегі мәслихаттардағы мандаттардың жалпы саны – 190, оның 83 пайызы – «Nur Otan» партиясынан. – Біз қазір де партияның тоқтап қалмай, жаңа нақты міндеттер мен мақсаттар қоятынын көріп отырмыз. Мысалы, «Nur Otan» партиясы Қазақстанның мәдениеті мен тарихын дамытуға бағытталған бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Мәдени мұраны насихаттау, этномәдени және діни бірлестіктердің қызметіне қолдау көрсету және т.б. жұмыстар қолға алынады, – деді Қарлығаш Түсіпбекова. Ол сонымен қатар тұрғындардың партияның тұрақты түрде жүргізіліп жатқан нақты жұмысын көріп отырғанын, партиялық бағдарламалар да өз жемісін беріп жатқанын ерекше атап өтті.Әбілмансұр ЖАСАН