Руханият пен мәдениетті дамыту басты назарда
Руханият пен мәдениетті дамыту басты назарда
277
оқылды

Зиялы қауым өкілдері «Nur Otan» партиясының сенімді тірегіне айналуға дайын. Бұл туралы олар «Nur Otan» партиясы Жамбыл об­лыстық филиалы жанындағы Miras аймақтық кеңесінің 2021 жылдағы алғашқы оты­рысында мәлімдеді.

Басқосуда партияның облыс­тық филиалы төрағасының бі­рінші орын­басары Дауыл Бейсен­құлов кеңестің жаңа мүше­лерін та­ныс­тырды. Алдағы уа­қытта ұлттық құндылықтар мен төл та­рихы­мыз­ды ұлықтауда партияның кеңесші органы саналатын кеңес жұ­мы­сына партия ардагері Масат Берік, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қоз­­ғалысы» республи­калық қо­ғам­дық бірлес­тігінің Жамбыл об­лысы бойынша төрағасы Қасымхан Төлендиев, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының директоры Мәлік Ақүрпеков сын­­ды азаматтар да өз үлесін қоспақ. Дауыл Ынтықбайұлы «Nur Otan» партиясы Жамбыл об­лыс­тық, аудан­дар мен Тараз қалалық мәслихатта­рын­дағы депутаттық мандаттың 85 па­йызына ие болға­нын айтып, өңір­дегі сайлауалды үгіт-насихат жұмыс­тарына бел­сене қатысқан зиялы қауым­ға алғыс айтты. Кездесуде ақын Қайырбек Асанов, Талас аудандық мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі, аудан­дық мәслихат депутаты Үміт Битенова, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Уалихан Болатбек сөз сөйледі. Кездесуді қорытындылаған партия облыстық филиалы төра­­ғасының бірінші орынба­сары кеңес мүшелерін Жамбыл облысы бойынша «Nur Otan» партия­сының 2025 жылға дейін­гі сай­лауалды бағдарлама­сын­дағы өңір руханияты мен мә­дениетін да­мытудағы ба­сым­дық­тарды бірлесе жүзеге асыру­ға шақырды.

 Әбілмансұр ЖАСАН