Алаған және береген қол туралы туынды
Алаған және береген қол туралы туынды
301
оқылды

«Қазақфильм» киностудиясының президенті, танымал ре­жис­сер Ақан Сатаев парақорлар туралы қысқа әлеуметтік ролик тү­сірді. Телефонға таспаланған ролик көпшіліктің оң бағасын алып үл­герді. Жемқорлық секілді қоғамда қызу талқыланатын тақырыпта түсірілген туындының бюджеті 50 мың теңге болыпты.

Видео Николай Дроздовтың «Жануарлар әлемінде» атты әйгілі бағдарламасының стилінде түсіріл­ген. Онда бағдарламадағыдай көп­теген адамға таныс музыканың фо­нында алғыштар мен бергіштер туралы әңгімеленеді.  «Алдымызда осы топтың жарқын өкілі тұр. Ал­ғыштар тыныш жерді жақсы көреді және әдетте жақсы тәбетімен ерек­шеленеді. Олар ашкөз және өте сақ. Бергіштерді оңаша орында сағаттап күте алады. Ал мынау – бергіш. Ол ұрланған олжасынан бұдан да көп пайда табуға үміттеніп, алғашқы рет беру үшін кездесуге асығып барады. Олардың әдеттері бір-біріне өте ұқсайды», – делінген видеода. Ролик ұялы телефонға түсірілген, ал бюджеті – 50 мың теңге. Басты рөлдерді Талғат Сыдықбеков пен Ғайдар Гильманов сомдаған. «Менің жақын досым, табысты кәсіпкер Гафур Ихсан алғыштар мен бергіш­тер туралы әзіл ойлап тапқан еді... Нәтижесінде, телефонымды алып, осы тақырыпта ҚР Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы агенттігіне  әлеу­меттік ролик түсіруді ұйғардым», – деді режиссер Сатаев.