Мекеме қызметкерлері қамауда отырғандарға келген сәлем-сауқатты тексерді. Жіті тінту кезінде тіс жуатын 2 пастаның ішіне жасырылған есірткіні тапты.
Сәлемдеме бұрын сотты болған Ш. есімді азаматтан мекемедегі жазасын өтеушіге жолданған.
Сот сараптамасы нәтижесінде, тіс пастасына жасырылған заттың 17 грамм есірткі (гашиш – ред.) екені анықталды.
Заңды бұзған азаматты жауапқа тартады.
Бұған дейін түрмеге жолданған сәлемдеме ішінінен телефон табылғаны туралы жазған болатынбыз.