Министр Серік Шапкеновтің бұйрығымен Аида Дәденқызы Құрманғалиева Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аида Құрманғалиева 1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Еңбек жолын 1988 жылы «Қазагроөнеркәсіп» республикалық тресінің техникалық қызметкері болып бастаған.
Әр жылдары қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.
2013-2014 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
2014-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы.
2017 жылдан 2021 жыл аралығында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
Сонымен қатар Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды.
Министрдің бұйрығымен Жәнібек Нөпіров Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.
Жәнібек Нөпіров 1980 жылы Қостанай облысында туған.
2001 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2005 жылы Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын, 2010 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының төлемдерді реттеу және бақылау бөлімінің аға қазынашысы қызметінен бастады.
2000-2001 жж — Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының жетекші қазынашысы, бас қазынашысы.
2001 жылдан 2006 жыл аралығында Қаржы министрлігінің құрылымында бас маманнан бастап басқарма бастығына дейін түрлі лауазымдарды атқарды.
2006-2007 жж. — ҚР Статистика агенттігінің Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары.
2007-2008 жж. — ҚР ҚМ Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және әдістемесі департаменті директорының орынбасары.
2008-2010 жж. — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономикалық саясат және болжау департаменті директорының орынбасары, Корпоративтік даму департаменті директорының орынбасары, директоры.
2010-2013 жж. — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құрылымында жұмыс істеді.
2013-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігі бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі. 2019-2021 жж. — ҚР сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы.