Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев коронавирус жұқтырып, емделгеннен кейін хал-жағдайы қандай екенін айтты.
«Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға- әпкелеріме, достарыма мың алғыс. Ес білгелі бері елім алақанына салып әлдилеп келеді. Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз»,- деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ, ол отандастарын сақтануға және денсаулықтарын күтуге шақырды.
«Айналайын ағайын, індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер. Бірінші байлық денсаулық екенін есте ұстайықшы. Қорыта келе, мен үшін алаңдаған баршаңызға рахмет. Мен сіздерді жақсы көремін. Ауырмаңыздар»,- деді ол.
Бұған дейін дәрігерлер Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы туралы айтқан болатын.