«Отбасы банкі» зейнетақының бір бөлігін алуға өтінімді ертеңнен бастап қабылдайды
«Отбасы банкі» зейнетақының бір бөлігін алуға өтінімді ертеңнен бастап қабылдайды
215
оқылды
«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау қашан басталатынын айтты.
«Ертең сағат 09.00-де, яғни жұмыс болмайтын сенбі күні өтінім қабылдауды бастаймыз. Біз демалыс күнін арнайы таңдап алдық. Азаматтардың бәріне өтінім беру ыңғайлы болуын көздедік», - деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, азаматтар зейнетақының бір бөлігін кез келген үйді сатып алуға жұмсай алады. Яғни екінші нарықтағы баспананы да, жаңа үйді де сатып алу үшін ол соманы пайдалануға болады.