Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран) барлық автокөлік түрлері үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатарына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол».
Алматы – Ташкент – Термез автожолының 159-239 шақырымы аралығы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін;
Алматы – Ташкент – Термез автожолының 165-212 шақырымы аралығы, Кенен ауылынан Қордай ауылына дейін;
Алматы – Ташкент – Термез автожолының 536-593 шақырымы аралығы, Айша бибі аулынынан Түркістан облысының шекарасына дейін;
Алматы – Ташкент – Термез автожолының 593-654 шақырымы аралығы, Жамбыл облысының шекарасынын Машат ауылына дейін.
Өз кезегінде «Қазақавтожол» ЖШС жолдың жабылуы туралы шектеулерді және жол ережелерін сақтауды сұрайды.