"Екі сағат сайын адам өліп жатты": Әзілкеш Еркебұлан Мырзабек анасы коронавирустан қайтыс болғанын айтты
"Екі сағат сайын адам өліп жатты": Әзілкеш Еркебұлан Мырзабек анасы коронавирустан қайтыс болғанын айтты
210
оқылды
Тележүргізуші Тимур Балымбетовтің Balu.kz бағдарламасында сұхбат берген әзілкеш Еркебұлан Мырзабек коронавирус қатты өршіген жазда анасынан айырылып қалғанын айтты.
"Сол кезде өзімді қатты кінәлі сезіндім. Неге ауырып қалдым? Сұрақтар көп болды. Сол үшін өзімді кінәладым. Үкіметке ренжіп-ренжіп, қойдым. Қатты ренжідім. Неге коронавирус пайда болды дегеннен бастап шекараны жауып тастамады... Неге елде коронавирус басталды дегеннен бастап басқа елдерден тәжірибе алмады", - деп ренішін білдірді әзілкеш.
Ол ауруханада адамдардың өлімі көп болғанын көзімен көргенін айтты.
"Күнде ауруханаға барып жүрдім. Екі сағат сайын адам өліп жатты. Мәйітханаға сыймайды. Күнде ары-бері тамақ тасып жүріп, бір күні анаңыздың жағдайы жақсарды деп хабарласқан сәтте өзім әлсірей бастадым. Емханаға барсам, өкпең 70 пайыз қабынған дейді... Өзім Түркістанда жүрдім. Сол жердегі ауруханада коронавирустың не екенін, қандай ауыр дерт екенін ұқтым", - дейді әзілкеш.
Анасының жағдайы қайта нашарлағанын естіген тележүргізуші өзі де жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан екен.
"Қазір миллионер болғанымда, мүмкін сол жақта бір аурухананы жауып тастап, анамызды емдейтін бе едік? Барлығы құдайдың қолдында ғой. Мүмкін солай болуы керек болды ма, білмеймін", - дейді ол.