Нұр-Сұлтанда ақылы тұрақ іске қосылады
Нұр-Сұлтанда ақылы тұрақ іске қосылады
125
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы, Сары-арқы, Есіл аудандарында ақылы тұрақ қосылады.

Осы жылдың соңына дейін елордада 4000-нан астам автотұрақ іске қосылады. Сол аймақтарда жаңа жүйенің жұмысымен танысу мақсатында тестілеу кезінде автокөлік иелерінен тұрақ үшін ақы алынбайды.Алматы ауданында - Тәуелсiздiк, Мұңайтпасов, Жұбанов, Момышұлы көшелерiнде орналасқан. Ал Сары-арқа ауданы бойынша - Республика, Әуезов көшелерінің бойында бар.  Есіл ауданында - Қонаев, Достық, Сарайшық, Мәңгілік ел көшелері мен Қабанбай батыр, Тұран даңғылы кірелі.

Ақылы автотұрақтаың бір сағаты - 100 теңге. Тұрақ ақысы автотұрақ басталғанға дейін алдын-ала төленеді. Тұрақ тоқтағаннан кейін 30 минут ішінде төленуі керек. Тұрақ таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Төлем нұсқалары несие картасы, қолма-қол ақшамен, SMS және мобильді қосымша арқылы төлеуге болады. Демалыс және мереке күндері тұрақ тегін болады. 

Нұр-Сұлтан ақылы автотұрақтарды енгізу 2018 жылдың 15 қаңтардан басталды.  Astana Parking Space ЖШС хабарлағандай, 19 мыңнан астам автомобиль иесі жыл басынан бері ақылы автотұрақтарды пайдаланған. Автотұрақ ақысын төлеуден бас тартқан жүргізушілерге 160 миллион теңгеге 31 мыңнан астам ұйғарым жіберілген.