Казақстан 2020 жылы Дубайда өтетін EXPO көрмесіне қанша ақша жұмсайтынын сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
"Біздің павильонды дайындау жұмыстары жүргізілді, былтырлары бюджеттен шамамен 9 миллиард теңге бөлінген. Бұл павильон бөлшектеліп, Қазақстанға осы қаражаттың есебінен әкелінеді, кейін ол өңірлерде немесе астанада әрі қарай өз рөлін атқара береді", - деді ол.Бұған дейін Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесінде Қазақстан павильонына ең үлкен орындардың бірі бөлінгені белгілі болған. Оның ауданы 3 420 шаршы метр. Көрме 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін өтеді.