Қазақстан Дубайдағы EXPO көрмесіне қанша ақша жұмсайды?
Қазақстан Дубайдағы EXPO көрмесіне қанша ақша жұмсайды?
204
оқылды

Казақстан 2020 жылы Дубайда өтетін EXPO көрмесіне қанша ақша жұмсайтынын сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

 "Біздің павильонды дайындау жұмыстары жүргізілді, былтырлары бюджеттен шамамен 9 миллиард теңге бөлінген. Бұл павильон бөлшектеліп, Қазақстанға осы қаражаттың есебінен әкелінеді, кейін ол өңірлерде немесе астанада әрі қарай өз рөлін атқара береді", - деді ол.

Бұған дейін Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесінде Қазақстан павильонына ең үлкен орындардың бірі бөлінгені белгілі болған. Оның ауданы 3 420 шаршы метр. Көрме 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін өтеді.