ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды
ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды
200
оқылды
ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. Онда өңірдегі карантин шектеулері 7 ақпанға дейін қайта созылатындығы көрсетілген. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. «Облыстың сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Павлодар облысы аумағына 2 санитарлық пост, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдары «Ауыл», «Үбі», «Бақты», «Майқапшағай» тұстарына 4 санитартық пост орнатылады. Оның жұмысын Курчатов қаласының, Бесқарағай, Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары қамтамасыз етуі тиіс», - делінген қаулыда.