Соңғы 3 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара беру фактісі бойынша 1054 қылмысты тіркеді. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.
«Соңғы 3 жылдағы динамика пара берушілерге қатысты қылмыстарды тіркеу фактілерінің өскенін көрсетіп отыр. Мәселен, 2018 жылы 232 қылмыс тіркелген болса, 2020 жылы осындай 480 факті, яғни екі есе көп тіркелген. Пара берушілерді анықтаудың артуы адал мемлекеттік қызметшілердің оларға пара беру фактілері туралы жиі хабарлауын көрсетуі мүмкін», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.
Сондай-ақ, ол соңғы үш жылда пара бергені үшін 641 адам сотталғанын айтты (2018 жылы – 198, 2019 жылы – 187, 2020 жылы – 256).