Алматыда ағаш оталып жатыр
Алматыда ағаш оталып жатыр
220
оқылды

Алматылықтар Көктөбеге баратын жолдың бойында ағаштардың кесіліп жатқанына шағымданды. Видео әлеуметтік желілерде тараған. Кадрда бірнеше ер адамның ағаш бұтақтарын бульдозерге жинап жатқанын көруге болады. Қала әкімдігі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Жазба Facebook-тегі «Де­журный по городу» тобында жа­рияланған. «Көктөбеге барар жолда ағаштарды кесіп жатыр. Рұқ­сатсыз болса керек. Сұрап көріп едік, ағаш тиеген көлік тез кетіп қалды», – дейді жаз­баның ав­торы. Алматы әкімдігі ағаштарды кесуге рұқсат бер­мегенін мәлім­деді. «Жасыл экономика басқар­масына ағаштарды кесуге өтініш түскен жоқ, яғни рұқсат беріл­ме­ді», – деп хабарлайды ве­домство өкілдері. Айта кетейік, бұған дейін ал­матылықтар Әуе­зов пен Төле би көшелерінің қиылысындағы ағаш­тар­дың кесілуіне наразы­­лық танытып, дау­дың да­бырасы Президентке дейін жеткен еді.

Айдар ДӘУІТҰЛЫ