Былтыр аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мамунов ең ұзақ мерзімге – 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
2020 жылы пара берген және пара беруге итермелеген 10 адам 10 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырылған. Өткен жылы аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мамунов ең ұзақ мерзімге – 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Талдау көрсеткендей, көп жағдайда пара берушілер жеке компанияның өкілі болып шыққан. Олар лауазымды тұлғаларға пара беру арқылы кәсіпкерлік қызметін қолайлы жүзеге асыруға тырысқан немесе мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойдырып алмақ болған. Мысалы, Ермегияев («ЭКСПО-2017» ҰК) ісі бойынша пара беруші 7 жылға сотталса, ал оларға көмектесушілердің 5 және 7 жылға бас бостандығы шектелген.Исмаил ҚУАНЫШ