Мамунов 12 жылға сотталды
Мамунов 12 жылға сотталды
119
оқылды

Былтыр аса ірі мөл­шерде пара беруге итер­мелегені үшін Ақтөбе об­лысы әкі­мінің бұрынғы орын­басары Ма­мунов ең ұзақ мерзімге – 12 жылға бас бос­­тан­дығынан айы­рылды.

2020 жылы пара берген және пара беруге итермелеген 10 адам 10 жылдан астам уақытқа бас бос­тандығынан айырылған. Өт­кен жылы аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орын­басары Мамунов ең ұзақ мерзім­­ге – 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Талдау көрсеткендей, көп жағдайда пара берушілер жеке компанияның өкілі болып шық­қан. Олар лауазымды тұлғаларға пара беру арқылы кәсіпкерлік қызметін қолайлы жүзеге асы­руға тырысқан немесе мем­ле­кеттік са­­тып алу шарттары бойынша орындалған жұ­мыс­тардың акті­леріне кедергісіз қол қойды­­рып алмақ болған. Мысалы, Ермегияев («ЭКСПО-2017» ҰК) ісі бойын­ша пара беруші 7 жылға сотталса, ал оларға көмек­тесушілердің 5 және 7 жылға бас бостандығы шек­телген.

Исмаил ҚУАНЫШ