«НеМолчи KZ» қоры үндеу жолдады
«НеМолчи KZ» қоры үндеу жолдады
267
оқылды

«НеМолчи KZ» қорының басшысы Дина Таңсәрі ел Президентіне үндеу жолдап, «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына қарсы шыққандардың қызметіне сараптамалық баға беруді сұрады.

«Біздің қорымыз бен басқа да сарапшылар туралы негативтер көп. Зорлық-зомбылық құрбан­дарына мүлде көмектесіп көрме­ген адамдар жалған ақпарат тара­тып, өздерін сарапшылар деп атап, қазақ­стандықтарды адас­тырып жатыр. Олар заңда жоқ нәрселерді айтып, бүкіл ақпа­раттық алаңды сол жал­ған нәр­селермен толтыруда. Ал Парла­мент пен жұмыс тобының мүше­лері үнсіз отыр», – дейді Таң­сәрі. Оның айтуынша, былтыр қа­зан айынан бастап қор еріктілері Парламентті, жұмыс тобының мү­шелерін, Бас прокуратура мен ІІМ өкілдерін тү­сіндіру жұмыс­­тарын жүргізуге шақырған. «Өз еліне адал қызмет етіп жүр­ген адамдар ре­тінде Бас про­ку­­ратурадан жала жабу туралы са­­раптамалық қорытындыны халыққа хабарлауды талап етеміз. Пайыздық қатынаста олар тарат­­­қан ақпараттардың қаншасы рас, қаншасы жалған екенін айт­сын», – деді қор жетекшісі. Дина Таңсәрінің дерегіне сүйенсек, қордың заңды қолдау жөніндегі петициясына 90 мың қазақ­стандық қол қойған, ал қар­сы топтың петициясын 20 мың адам қуаттаған. Жақында Мемлекет басшысы халық арасындағы қызу тал­қылауға байланысты «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заң жобасын қайта қарауды тапсырды. Одан кейін Парламент Мәжілісі Әлеу­меттік-мәдени даму коми­тетінің төрағасы Жәмилә Нұр­манбетова «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заң жобасын кері қайтарып алуды және жобаны сарапшылармен, белсенділермен тал­қы­лауды ұсынды. Бірқатар белсенді мен адво­каттар жаңа заң жобасына наразы. Әсіресе, олар физикалық, психо­ло­гиялық және экономикалық зор­лық-зомбылық сияқты тұ­жы­­рым­дар «заңсыз» және «Қыл­мыстық кодекске қайшы» деген уәждерін алға тартқан.

Ерсайын БАҒДАТ