Азаматтардың сауалына жауап берді
Азаматтардың сауалына жауап берді
273
оқылды

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес облыстық мәслихаттағы депу­таттық фракция мүшесі Сәрсенкүл Бихожаева қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген  қала тұрғыны, II топ мүгедегі Алтынбек Бекетов 2010 жылы қала әкімдігіндегі арен­далық тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, сол мәселеге қатысты сауал­дарын қой­ды. Өз кезегінде Сәрсенкүл Бихожаева пәтер берілу мәселесі ке­зек­ке сәйкес ретімен берілетінін түсін­діріп, өзге де сұраққа жауап берді. Қала тұрғыны Болат Жақсылыков III топтағы мүгедек ретінде қоғамдық көліктерде тегін жүруіне көмек қолын созуын сұрады. С.Бихожаева Қызылорда қаласында тек І топтағы мүгедектер ғана тегін жүру санатына енгізілгенін айта келе, оған қалалық мүгедектер қоғамына барып, ұсыныс жасап көруге кеңес берді. Сондай-ақ «Nur Otan» партия­сының қоғамдық қабылдау бөл­месінде Қызылорда облыстық Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Руслан Абдиршев те азаматтарды жеке мәселелері бо­йынша қабылдады. Қабылдауға кел­ген қала тұрғыны Нұржан Қараманов жұмыс орнынан негізсіз боса­тылғанын айтып шағымданды. Мән-жаймен жете танысқан Руслан Абдиршев Нұржанға Қызылорда қалалық прокуратурасына арыз жазу ға кеңес берді. Қабылдау соңында барлық өтініш ескерусіз қалмайтыны, тиісті орындарға жолданатыны айтылды.

Әбілмансұр ЖАСАН