Қарағандыдағы Miras кеңесі
Қарағандыдағы Miras кеңесі
239
оқылды

«Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жанындағы Miras аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Оған қоғамдық кеңес төрағасы  Бекзат Алтынбеков және кеңес мүшелері мен зиялы қауым өкілдері, облыстық филиалдардың қызметкерлері, Мә­дениет және тілдерді дамыту, Ішкі саясат басқармасының өкіл­дері, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері қатысты.

Кеңес төрағасы 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен Парламент Мә­жілісі және мәслихаттары де­путат­та­рының кезекті сай­лауын­да «Nur Otan» партиясының 71,09 пайыз дауыспен жеңіске жетуі халықтың партияға сенім артаты­нына айғақ екенін атап өтті. Ол сонымен қатар сайлау нау­қаны кезінде үгіт-на­сихат жұмыс­тарына қатысып, пар­тияға сеніп, дауыс беруге шақырған өнер май­тал­мандарына алғысын білдірді. Отырыс кезінде Miras аймақтық қоғамдық кеңесі мүшелері сайлау қорытындылары туралы пікірлерін білдіріп, сайлау ашық және әділ өткенін айтты. Сондай-ақ жиынға қатысушылар саяси сахнаға қадам басқан, жаңадан сайланған Мәжіліс және мәслихат депутаттарын қол­дай­тынын және олардың халық­қа етене жақын болып, қоғамдағы хал-ахуалды шешуде тиімді әрі оң шешім қабылдайтынына сенетін­ін жеткізді. Miras аймақтық қоғамдық кеңе­сінің 2021 жылы аталып өтетін іс-шараларына ұсыныстар енгізу үшін кеңес мүшелерінің пікірі тыңдалды. Сөз соңында Бекзат Алтынбеков кеңес жұмысына пікірлері мен ұсы­ныстарын айтып, белсене қатысқан кеңес мүшелеріне алғысын білдіріп, сәттілік тілеп, отырысты тәмам­дады.

Әбілмансұр ЖАСАН