Азаматтарды қабылдау жалғасуда
Азаматтарды қабылдау жалғасуда
222
оқылды

Мұқтаж жандарға көмек көрсету алматылық нұр­отан­­дықтардың басты на­за­­­рында. Биыл қа­ла­ның мемлекеттік меке­ме­лерінің басшылары азамат­тар­ды қабылдауды қайта бастады. Бұған дейін ол Пар­ламент Мәжілісі мен бар­лық деңгейдегі мәсли­хат­тар сайлауының өткі­зілуіне байланысты тоқта­тыл­ған болатын. 13 қаңтар­дан бастап партияның қо­ғам­дық қабылдау бөлмеле­рінің жұмысына қалалық әкімдіктің түрлі басқарма­лары мен департа­менттері­нің өкілдері қатыс­ты. «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалында жал­пы саны 35 мыңнан астам өтініш қабылданды.

Энергия тиімділігі және ин­фрақұрылымдық даму басқар­масының басшысы Айдар Беркім­баевпен кездесуде алма­ты­лықтар Forumplus және «Тау Хаус» ТК техникалық қолайсыз­дығына наразылық білдірді. Өз кезегінде Көкқайнар және Рахат шағынаудандарының тұрғын­дары сумен жабдықтаудың жоқтығына және электрмен жаб­дықтау сапасының төменді­гіне шағымданды. Осыған ұқсас мәселелер Павлодар облысы Жетісу ауданы шағынауданында бар. Наурызбай ауданы Тауса­малы ауылындағы «Алматы жылу желілері» ЖШС-нің әрекетсіздігін Медеу ауданының тұрғындары атап өтті. Олардың айтуынша, үйлер тиісті түрде жы­лы­тылмайды, осыған байла­нысты электр аспаптарын қосу арқылы тұрғын үй-жайларды қосымша жылытуы керек. Тиісін­ше, тұрғындар жылыту қызмет­те­рінің толық құнын, сонымен қатар электр энергиясын төлеу арқылы қосымша шығынды көтерді. Бұл ретте ұжымдық на­ра­зылықты тыңдаған басқар­ма басшысы жақын арада аталған факті бойынша қызметтік тек­серу тағайындалатынын хабар­лады. Ал Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ләйлә Иманғалиеваның қабыл­дауында болған 70 жастағы зейнеткер Әшіркүл Қошмаған­бетова басындағы жағдайын айтып, көмек сұрады. – Менің тағдырым осылай болып қалды, жалғыз тұрамын, көмек күтетін ешкімім жоқ. Дәрігердің қабылдауына бара алмаймын, маған тұрақты тір­келім жоқ деп айтады, бірақ Алматыда бұрыннан тұрамын. Өздеріңіз білетіндей, менің жасымда адамның өзін-өзі емдеуі дұрыс емес, – дейді зейнеткер. Нәтижесінде, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының қолдауымен зейнеткер №2 қалалық емханаға тіркелді. Қабылдау кезінде алматы­лық­тарды толғандыратын тақы­рып­тар медициналық-әлеу­меттік сараптама жүргізу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы жинақ­тарын мақсатты пайдалану мәселелері сөз болды. Мемле­кеттік органдардың өкілдері барлығы 25 өтініш бойынша түсініктеме берді.

Әбілмансұр ЖАСАН