Елімізде тағы бірнеше өңір «қызыл» аймаққа енді
Елімізде тағы бірнеше өңір «қызыл» аймаққа енді
5,237
оқылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуал бойынша республика өңірлеріндегі жағдайға баға берді.

23 қаңтардағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймаққа енді. Ал Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары «сары» аймаққа кірді. Елдің өзге облыстары мен қалалары «жасыл» аймақта тұр.

Айтар болсақ, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны әлі де бәсеңдер емес. Өткен бір тәуліктің ішінде 1548 адамнан коронавирус анықталды. Бүгінде еліміз бойынша вирус жұқтырғандар саны 175 390 адамға жетті.