Бельгия маңызы жоқ сапарларға тыйым салды
Бельгия маңызы жоқ сапарларға тыйым салды
162
оқылды

Бельгия билігі биыл 27 қаңтардан бастап 1 наурызға дейін азаматтардың шекарадан өтуіне тек белгілі бір жағдайларда рұқсат береді.

ҚазАқпарат-тың мәліметінше, Бельгия үкіметі жанындағы Коронавируспен күрес жөніндегі кеңес органы шекараны кесіп өтуге мүмкіндік беретін мына шарттарды белгіледі:
  1.  қызметтік іссапарлар;
  2.  гуманитарлық себептер: медициналық көмек шеңберінде қарттарға, кәмелетке толмағандарға, мүгедектерге көмек көрсету, туыстарына бару, сондай-ақ медициналық себептер бойынша көшу және ем алуды жалғастыру;
  3.  оқу мақсатындағы сапарлар: білім алу, ғылыми зерттеулер шеңберінде алмасу бағдарламасы бойынша оқушылар, студенттер және тағылымдамадан өтушілер;
  4.  отбасылық жағдайға байланысты маңызды себептер;
  5. заңды міндеттемелер шеңберіндегі сапарлар, көлік құралын шұғыл жөндеу немесе көшу;
  6. шекаралас аймақтарда жұмыс істейтін адамдардың жүріп-тұруына да рұқсат етіледі, бірақ 48 сағаттан аспайтын мерзімге.
Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген шектеулерді ескере отырып, Шенген келісімі аясында Бельгияның шекаралары ашық күйінде қалады. Еуроодақтан тыс жерлерден келген адамдары үшін бірінші және жетінші күндері коронавирусқа міндетті ПТР-тест тапсыруы міндеттелді.