Францияда жануарлардың шуын қорғайтын заң қабылданды
Францияда жануарлардың шуын қорғайтын заң қабылданды
245
оқылды

Францияда ауылдағы жануарлардың қатты дыбыс шығарғанына рұқсат беретін заңға қол қойылды.

Енді әтештің шақыруына, үйректің бақыруына ешкім кедергі жасай алмайды. Бұрын шаруалар қорасындағы жануары шуылдаса, сот алдында жауап беретін. Қаз өсіретін көршісінің үстінен шағым түсіргені жайлы бірнеше оқиға тіркелген. Ақыры бұл іс Сенатқа жетіп, арнайы құжат қабылдауға тура келді. Аталған заңда «Сиырдың мөңірегені, трактордың гүрілдегені – Францияның табиғи мұрасы» деген түсініктеме берілген.