Түркістан облысында қатты бораннан республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Түркістан облысында қатты бораннан республикалық маңызы бар жолдар жабылды
5,238
оқылды
Түркістан облысында қатты бораннан облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет етті. «Бүгін сағат 12:30-да республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» автожолының 593 - 654 шақырымы (Түлкібас ауданы, Машат ауылы) бөлігінде ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды. Себебі, бұрқасын жел мен қар, көрінудің нашарлауы жолда жүруге кедергі келтіруде» делінген хабарламада. Кентау қаласы, облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл-Құмкент-Шолакқорған-Ащысай» а/ж 44-124 шақырымы бөлігінде ауа-райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды.