«Арселор Миттал Теміртауда» тағы да апат болды
«Арселор Миттал Теміртауда» тағы да апат болды
98
оқылды

Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 қаңтарда сағат 14:15-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ диспетчерінен кезекші операторға AMT еншілес компаниясы «Құрылысмет» ЖШС-ның соғу-престеу цехының құлағаны туралы хабарлама түскен.

№11 жылыту пешінің үстіне жалпы аумағы 72 шаршы метр болатын екі аражабын тақтасы құлағандығы анықталды. Апат салдарынан №11 жылу пешінің қосалқы платформасы мен инженерлік құрылымдарына зақым келген. Апат демалыс күні болғандықтан, зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін «Арселор Миттал Теміртау» шахтасындағы апат туралы жазған болатынбыз.