25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы «қызыл» аймақта тұр.
Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы.
Ал «сары» аймақта Қарағанды мен Алматы облысы бар.
Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.
Бүгін Қазақстан коронавирусқа шалдыққандар көбейгендіктен «қызыл» аймаққа кірді.