Газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды
Газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды
203
оқылды
Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Шайқорық елді мекенінде газ жарылып, екі адамды күйік шалды. Оқиға 23 қаңтар күні түскі сағат 16:20 шамасында орын алған.  Жамбыл облысы ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасына Жамбыл ауданындағы Шайқорық ауылында жеке үйдің дәлізінде тұрған 3 литрлік газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама  келіп түскен. Жарылыстан дәліздің қабырғасында жарықтар пайда болып, кіреберіс есік қираған. Үй иесінің 3 және 13 жасар баласын күйік шалып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына ТЖД-дан 11 қызметкер, жедел жәрдем бригадасы мен  4 полиция маманы жетіп, жарақат алғандарға дер кезінде көмек көрсетуінің арқасында  адамдар аман қалып отыр.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы