Коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге салынбайды?
Коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге салынбайды?
229
оқылды
Алматыдағы №4 қалалық емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова қала емханаларында Спутник V вакцинасымен егу жұмыстары 1 ақпанда басталатынын айтты. 
«1 ақпаннан бастап инфекциялық аурулардың жедел медициналық көмек, реанимация бөлімшесі, қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері, санэпид қызметкерлері алады. Екінші кезең бойынша 2 наурыздан бастап екпе салынады. Ол кезде жалы білім беретін мектеп, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының мұғалімдері, медициналық қызметкерлерге екпе салынады», – дейді Зарина Алтынбекова.
Үшінші кезең бойынша екпе 1 сәуірден бастап салынады.
«Ол кезде мектеп-интернат мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, студенттер мен созылмалы ауруы бар науқастарға салынады. 1 ақпанға дейін суық тізбекті сақтай отырып (өндірушіден тұтынушыға дейін) вакцинаның емханаға түсуі жоспарлануда. Вакцинаны тасымалдау және сақтау үшін емханада жеткілікті мөлшерде мұздатқыш камералар мен хладоэлементтерімен термоконтейнерлер бар», – дейді спикер.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация мемлекет есебінен жүргізіледі. Яғни, тегін.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес әрбір азамат жазбаша түрде вакцинациядан бас тартуға құқылы. Вакцинация екі кезеңде жүргізіледі: I компонентімен 0,5 мл дозада, содан кейін 21-ші күні II компонентімен 0,5 мл дозада. СОVID-19-ға қарсы вакцинацияны 18 жастан асқан ересектерде СОVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізуді жүзеге асыратын медицина қызметкерлерінің іс-қимыл Алгоритмі бойынша ерікті келісімімен медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтарға жүргізеді» – дейді ол.
Дәрігердің айтуынша, вакцина салдыруға қарсы көрсеткіштер мынадай:
  • құрамында осыған ұқсас компоненттері бар вакцинаның немесе вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық;
  • анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар;
  • жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың өршуі;
  • жүктілік және емшек емізу кезеңі;
  • 18 жасқа дейінгі балаларға.