"Мүгедек қызды мекемеде 7 жыл бойы зорлаған": Министрлік тексеру жұмыстарын бастады
"Мүгедек қызды мекемеде 7 жыл бойы зорлаған": Министрлік тексеру жұмыстарын бастады
213
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен Шымкент қаласы әкімдігінің «№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын тексеру мақсатында мониторингтік топ құрылады.

Мониторингтік топтың құрамына бейінді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және т. б. өкілдері кіреді.

Комиссия қамқорлыққа алынғандарға қатысты тұру, тамақтану, төсек-орын жабдықтарымен, киіммен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілу жөніндегі стандарттардың сақталуын, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтердің сапасын тексереді.

"Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутованың Instagram-паблигіндегі үндеу хаты тексеру жүргізуге негіз болды. Әйел І топтағы мүгедек қызын мекемеде 7 жыл бойы зорлағанын хабарлады. Оның айтуынша, қызы есінен танып қалған кезде оны пайдаланған, қыз эпилепсиядан зардап шегеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің «Бірнеше рет жасалған зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Бұған дейін 4 жасар қызын зорламақ болған әке сотталғанын жазған болатынбыз.