Маңғыстауда жас баланы зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Маңғыстауда жас баланы зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
206
оқылды
Маңғыстау облысында  жас баланы зорлағаны үшін алғаш рет өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Іс жабық сот отырысында қаралды. "Сот айыпталушының танысының пәтеріне өткен жылдың 28 мамырында түнгі уақытта келгенін анықтады. Ол мас күйінде болған. Жәбірленушінің анасының жоғын біліп, ол жас баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланды. Сотталушы баланы бетінен және басынан бірнеше рет ұрып, физикалық зорлық-зомбылық жасады. Осыдан кейін ол балаға қатысты зорлау және басқа да жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады", – деп хабарлады облыстық  соттың баспасөз қызметі. Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрған. Қылмыстың сипаты мен дәрежесін ескере отырып, сот айыпталушыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58 - бабының 4-бөлігіне сәйкес, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.