Түркістан облысында авариялық құтқару жұмыстарының нәтижесінде көлігімен жолда қалып қойған (17 ауыр жүк көлігі, 90 жеңіл автокөлік) 377 адам құтқарылды
Оның ішінде 75-і балалар. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Талғат Досалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Өткен аптаның соңғы күндері жел мен жауған қар салдарынан Түркістан, Кентау қалалары мен Төлеби, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Созақ, Түлкібас, Сайрам аудандарында 34 773 абонент электр жарығынсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстарына жалпы 20 бригада, 65 жеке құрам, 18 бірлік техника жұмылдырылған. Дегенмен, қарлы боран салдарынан зардап шеккендер жоқ. Облыс тұрғындары егер ауа райы қолайсыз болған жағдайда жолға шықпағаны абзал», - Талғат Досалиев.