Ақтау тұрғыны учаскелік инспектордың арқасында бес миллионнан астам теңгені сақтап қалды. Көшеде ұйықтап жатқан ер адамды полиция қызметкері тірек пунктіне апарған. Бұл туралы Маңғыстау полиция департаменті хабарлады.
– 24 қаңтарда Ақтаудағы 5-ші мөлтекауданында учаскелік инспектор мас күйдегі ер адамды тауып алды. Ер адамды оятып, оны тірек пунктіне жеткізді. Ер адам өз көлігін сатқаны белгілі болды, содан кейін достарымен бірге сатылымды атап өтті. Мән-жайлар анықталғаннан кейін ер адамды туыстары алып кетті, бірақ оған қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл факті үшін ер адам полиция қызметкеріне ренжімейді, Тек алғыс білдіреді, - деп хабарлады Маңғыстау полиция департаментінен.