Алматыда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі «Сергекті» алдамақ болыпты. 35 жастағы азамат жол қозғалысы ережесін бұза отырып, жазадан құтылу үшін көліктің алдыңғы нөмірін аударып отырған.
«Сергек» автоматтандырылған жүйесіне мониторинг жүргізу кезінде алдыңғы нөміріне нөмір аударатын механикалық жабдық орнатып алған. Сөйтіп, жол қозғалысы ережесін бұзып жүрген. Ол өз көлігінің мемлекеттік нөмірін жасыру арқылы жол қозғалысы ережесін бұзды, демек ол жол қозғалысының басқа қатысушыларына қасақана қауіп төндірді. Бұл жерде ешқандай сылтау болуы мүмкін емес. Жол ережесін бұзушы ұсталып, әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Ол бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ оған 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келді», – дейді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев. Ал мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін жасыруға арналған әртүрлі қондырғылар мен жалған нөмірлерді орнату жол қозғалысы ережесін қасақана бұзу болып есептеледі.Ж. НҰРЛАН