Шымкент қаласының циркі енді нөмірлерінде аңды пайдаланбайтын болды. Тәжірибелік жоба наурыз айынан бастап көрсетіледі.
«Шымкент-цирк» жаңа бағдарламасын Instagram желісіндегі парақшасы арқылы көрерменге таныстырды. Цирк өкілдерінің сөзіне қарағанда, әлемнің 45-тен аса елінде циркте жабайы аңды пайдалануға толық тыйым салынған. Олар клоунада және шапито, шабандоздық және каскадерлік, жонглерлік ету және эквилибристика, әуе гимнастары арқылы өнер көрсететін болады. Шымкенттіктер жаңа бағдарламасын Наурыз мерекесі қарсаңына жоспарлап отыр. Ол қазақ балуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арнайы өткізілгелі отыр. Цирк әртістері «Дю Солей» циркінің үздік әдістемелерін пайдалана отырып, ұлттық колоритті сақтаған жаңа бағдарламаны ұсынбақ.Г.БЕКЗАТ