Қарияның өліміне кім себепкер?
Қарияның өліміне кім себепкер?
189
оқылды

Адам өлімі оқиғасы мен оған  қатысты болжамдардың әлеу­меттік желіде жарияланып жататынына халық та үйренген. Сон­дай жағдайдан Атырау да айналып өтпеді. Бірер күннен бері  Махамбет ауданы Таңдай ауылында өз нағашысын өлтіріп, де­несін үйінің сарайында ұстаған мұғалім туралы ақпарат тарап жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған де­рек­терге сүйенсек, әйелдің үстінен, ауласы мен үйінен қолқаны қаба­тын иіс шығып, күмән тудырған.  Полиция қызметкерлері оны денені бөлшектеп, сөмкеге салып қойған жерінен ұстаған. Құзырлы органның айтуы бо­йын­ша,  Махамбет ауданы Таңдай ауылында 82 жастағы ер-азаматтың денесі табылған. «Сот-меди­циналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу-тексеру  амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің  баспасөз қызметі. Құзырлы орган әлеуметтік желідегі ақпаратқа қатысты ештеңе айтпады. Қария кісі қолынан о дүниелік болды ма, әлде басқалай жағдай өліміне себеп болды ма, оны тек сот-медициналық сараптама анықтаған соң ғана мәлім болатыны және ақпарат берілетіні айтылды.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау  облысы