Жеке бақылауға алынды
Жеке бақылауға алынды
267
оқылды

Жаңа шақырылымдағы депутаттардың азаматтарды алғашқы қабылдауы өтті. Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Света Әбдраманова облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауын өткізді.

Бейнеконференция байланысы арқылы қабылдауға қалалық меди­циналық мекемелердің өкілдері қа­тысты. Сондай-ақ 5 өтініш беру­ші мә­селесі талқыланды. Өтініш беру­ші­­­лердің сұрақтары денсаулық сақтау са­ласындағы мәселелерге, оның ішінде мүгедектікті куәлан­ды­руға, ерекше қажеттілігі бар адам­дар үшін декубитке қарсы матрас­ты сатып алу­ға көмек көр­сетуге қатысты болды. Азаматтарды қабылдау қоры­тын­дысы бойынша депутат барлық сұрақтарға дәлелді жауаптар мен ұсынымдар берді, одан әрі қарауды талап ететін сұрақтар Света Әбдра­манованың жеке бақылауына алынды. Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Кривенко көшесі 25А-мекенжайы бойынша жазылуға болады.

Әбілмансұр ЖАСАН