Кей өңірде тұман болып, жаяу бұрқасын, жел, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облысында тұман болып, жаяу бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді.
Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Атырау, Шығыс Қазақстан облысында боран соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.
Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.