Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, өзі фильмді («Путин сарайы» – ред.) бастан-аяқ көрмеген. Дегенмен, көмекшілері әкелген видеоның үзінділерін қарап шыққан.
«Фильмде менің меншігімдегі дүние-мүлік ретінде көрсетілгеннің бәрі маған да, менің жақын туысқандарыма да тиесілі емес. Ешқашан тиесілі болған емес, ешқашан болмайды», – деді Владимир Путин.
https://youtu.be/71DXzFFVViY
Ресей президенті бұл ақпарат он жылдан астам уақыт бойы айтылып келе жатқанын да тілге тиек етті. Тек Навальный қолайлы сәтті пайдаланған сыңайлы деп жауап берді. Сондай-ақ Путин бизнеске ешқашан қызықпағанын да айтты.
[caption id="attachment_105990" align="aligncenter" width="800"] Фото: Дереккөзден алынды[/caption]