«Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жағынан Үкімет пен қала әкімдігінің жұмысын қолдаймын. Бұған дейін қалада құрылыс нысандарын сала беріп, жердің астындағы инфрақұрылымды ұмыт қалдырдық. Күндердің күнінде астана халқы түтінге тұншығып, проблемамен бетпе-бет келуіміз мүмкін», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ қазір үйлерді газға қосу мәселесі бар екеніне тоқталды.
Тоқаев астана әкімінен: «Үйде газды қосу бағасы жылына 500-700 мың теңгеге дейін барады екен. Бұл – өте қымбат. Бұл мәселені қалай шешесіз?» – деп сұрады.
Әкім: «Біз мердігерлермен келісіп, үйді газға қосу құнын 240 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін азайттық (бұл сомаға газ жабдықтары мен керек-жарақтар кірмейді)», – деді Алтай Көлгінов.