Боранға байланысты сабақ болмайды, жұмыстан кешіккендерге «Қазгидромет» анықтама береді
Боранға байланысты сабақ болмайды, жұмыстан кешіккендерге «Қазгидромет» анықтама береді
Фото: Интернеттен алынды
488
оқылды
Нұр-Сұлтанда I ауысымдағы оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің І (бірінші) ауысымындағы 0-11 (12) сыныптар оқушылары үшін және 1-2 курс колледж студенттері үшін сабақ болмайды. Сондай-ақ, 24.kz-тің жазуынша, жұмыстан кешіккен жағдайда «Қазгидромет» орталығынан арнайы анықтама алып, жұмыс орнына өткізу керек. Ескеретін жайт, біріншіден, «Қазгидрометтен» қалта телефоныңызға дауылды ескерту жайлы хабарлама келуі керек. Екіншіден, жаңа анықтама бойынша сіз тек жарты күнге жұмыстан босатыласыз.
Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов: «Дауылды ескерту туралы хабарлама «Қазгидрометтен» келіп түссе, анықтаманы сол мекеме береді. «Қазгидрометтің» ондай құзіреті бар. Яғни, олар өздеріне өтініш білдірген тұрғындарға ауа райының қолайсыз болғандығы жайында анықтаманы берулері тиіс. Яғни бұл құжат ауа райының кесірінен жарты күн жұмыстан қалғандығын куәландырады. Бірақ төтенше жағдай жарияланды деп, мүлдем жұмысқа келмей қоюға болмайды», – дейді.