"Қазақфильм" 30 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді
"Қазақфильм" 30 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді
194
оқылды
"Қазақфильм" киностудиясы "Қасым хан" тарихи сериалын түсіруге бөлінген қаражаттан 30 миллионға жуық теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді.  
"Сериалдағы қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергеу киностудияның бұрынғы басшылығына қатысты қозғалған. Продюсері Қуаныш Ахметов болған "Тарих толқынында: Мәңгілікке қол жеткізу. Қасым хан" тарихи сериалын түсіру 2018 жылы басталды. Алайда түрік режиссері Метин Гунайдың жобаға қатысудан бас тартуына байланысты 2020 жылы бұл жоба өзінің тұжырымдамасын өзгертті және "Ұлы дала таңы" жұмыс атауы бойынша толықметражды көркем фильмге айналды. Жаңадан құрылған түсірілім тобын режиссер Ақан Сатаев басқарады", - деп хабарлады "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі.
  Олар сериалдың басқа жобаға - толық метражды фильмге айналғанын нақтылады. Алматыда түсіріліп бітпеген сериал продюсері Ахметовке, оның қол астындағы қызметкеріне және кәсіпкерге сот үкімі шықты. Олардың пиротехникалық заттарды сатып алуға арналған 30 миллион теңгені ұрлағаны анықталды.