Асқар Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Асқар Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
208
оқылды
Премьер-Министр Асқар Мамин Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2021 жылы кімдердің жалақысы  өсетінін айтты.  Оның айтуынша, 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады, бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға дейін төмендетеді. Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру жалғасады, бұл ретте тұрақты жұмыс орындарын құруға баса мән беріледі.  Еңбек нарығын жаңа жағдайға бейімдеу үшін жұмыспен қамтудың жаңа түрлері енгізіледі. Экономикада құрылатын жұмыс орындарының есебін толық жүргізу үшін жұмыспен қамтудың өңірлік жол карталары жасалады.
"Еңбек нарығын дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған ұлттық жоспары әзірленеді. Осы жылы бюджет саласындағы 1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі", - деді ол.
Бұған дейін Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50% – ға өскенін хабарлаған болатынбыз.